Марк Цукерберг келесі онжылдықта Facebook компаниясын қашықтан жұмыс істеу режіміне көшіретінін мәлімдеді. Бұл шешімін ол жұмысшыларымен өткізген онлайн конференцияда хабарлады. Технологиялық алып өз операцияларын пандемия салдарынан қалыптасқан жаңа құрылымға негіздейтінімен бөлісті.
Facebook басшысының бейсенбіде жасаған мәлімдемесі бизнес көшбасшыларының дағдарысқа бейімделуінің жақсы мысалы болды. Компания менеджерлері қазірде жұмыс орнынан бастап стратегиясына дейін ойластыруда. Жаңа өзгерістер алдымен АҚШ-та қолданысқа енбек, әзірге бұл жаңалық тек жетекші инженерлерге қатысты. Топ жетекшілері жаңадан қосылған қызметкерлердің жұмысын бағалағаннан кейін оларға үйден жұмыс істеу таңдауы беріледі. Одан кейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұмысшылар жаңа режімге өтуге өтініш бере алады.
Марк Цукерберг 10 жылдың ішінде компаниядағы 45 мыңға жуық жұмысшының жартысы онлайн режімге көшеді деген үмітін жеткізді. Бір қызығы, онлайн кездесу бір сағаттан кейін ақауларға байланысты үзіліп кетті. Компания бұл ақау онлайнға қосылған көрермендерде ғана болғанын айтты. Яғни қызметкерлерде еш үзіліс болмаған. Цукерберг видеоның толық жазбасы жарияланатынын жеткізді.
Басқа компаниялар пандемия кезіндегі онлайн қызметін саралап жатса, Цукерберг мұны Facebook үшін ұзақ мерзімді стратегия ретінде белгіледі. Жалпы, Кремний алқабындағы компаниялардың онлайн режімге көшу туралы пікірі әр алуан. Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси компания қызметкерлері бұдан былай ұзақтан жұмыс істей алатынын хабарлады. Бұл қатарда санфранцисколық Coinbase Inc. криптовалюта айырбастаумен айналысатын компания да бар. Бұл Илон Маскты тығырыққа тірегендей. Өйткені олардың өз зауыттары бар. Осы айда ол Tesla зауытын қайта ашу үшін жергілікті билікпен жанжалдасқан болатын.
Онлайн режім технологиялық компаниялар үшін тиімді әрі оңай. Дегенмен бұл жаңалықтың да ойландыратын тұстары бар. Мәселен, инновацияның кілті саналатын адами қарым-қатынас сияқты күрделі мәселені тудыруы мүмкін.