Таллиндегі Кадриорг паркінде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды. Салтанатты шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты. Бұл туралы аталған елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы акцияны ұйымдастыруға атсалысқан Dimash Estonian Dears фан-клубының мүшелері 300 жылдық тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деген үмітте екенін айтты», - делінген елшіліктің хабарламасында.
Айта кетейік, Эстониядағы Димаштың фан-клубында әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жанкүйер бар.