Пара алатындар шенін де, атқаратын қызметін де есінен шығарып алатынға ұқсайды. Бұған Атырау облыстық полиция департаменті подполковнигінің шенінен айрылып, жұмысынан қуылғаны дәлел.
Бұл қылмыстық №2 Атырау қалалық сотында қаралды.
"Полиция подполковнигі аңшылық қаруды сақтауға, ұстап жүруге рұқсат қағазын тез рәсімдеу үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған. Сот полиция қызметкерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, параның 20 еселенген мөлшерінде (600 мың теңге) айыппұл салуға шешім шығарды. Сотталушы подполковник шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.