• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Аида Балаева өзін оқытқан ұстаздарына алғыс айтты

295 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева биылғы мектеп бітіруші жас түлектерді соңғы қоңырауымен құттықтады. Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды.

«25 мамырда дәстүр бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдері оқу жылының аяқталуын атап өтеді. Ал түлектер білім және тәрбиенің бесігіне айналған алтын ұя мектебімен қоштасып, сан тараулы өмір жолына аяқ басады. Өкінішке орай, биыл балалардың көпшілігі соңғы қоңырау үнін естімейді, коронавирустық пандемия адам жоспарларына түзетулер енгізді», - деп биылғы жылдың елмен қоса жас түлектер үшін де ерекше болғанын айтты.   Сондай-ақ ол ел үшін қиын кезеңде, басқа да маңызды мамандықтар санатында, Ұстаз еңбегінің қадірін де, ауыртпалығын да, маңызын да көптеген қазақстандықтар терең сезінгенін жасырмады.   «Осы орайда, өзімнің де асыл ұстаздарым, маған біліммен бірге, тәлім-тәрбие берген Алматы облысының Жамбыл орта мектебінің мұғалімдеріне алғысымды білдіремін. Мектеп қабырғасынан мұғалімдерімнің еңбегінің арқасында қалыптасқан қасиеттер маған мақсаттарыма жетуге, өз кәсібімді адаспай табуға, жемісті жұмыс істеуге және өмір бойы ізденісте болуға мүмкіндік берді», - деп аяулы ұстаздарына алғыс айтуды да ұмытпады.    Ақпарат және қоғамдық даму министрі елдегі барлық түлекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мамандық таңдауда өте мұқият болуға кеңес берді.   «Кәсіп - өмірлік рухани да азық. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқан кезде ғана бақытты бола алады. Мақсат қойыңыз, еңбекқор, тәртіпті және мақсатты болыңыз, сонда барлық армандар орындалады!», - деді ол.