• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Сарбаздар жоғалған баланы тауып берді

463 рет
көрсетілді

Іздеу жұмыстары екі сағатқа созылған.

Өскеменде 24 мамыр күні  сағат 21:00 шамасында қоғамдық тәртіпті күзететін 5518 әскери бөлімінің жасағына А. есімді адам 6 жасар баласы Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткенін айтып, ұландықтардан тауып беруін өтінген. «Мұндай кезде мәселеге салғырт қарауға болмайды. Бала басында небары санаулы сағаттарға жоғалып, артынша орны толмас қайғымен аяқталуы мүмкін. Сондықтан, біз қалайда баланы тез арада табуға барымызды салдық» дейді әскери жасақ бастығы, қатардағы сарбаз Фархат Саршинов.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелдінің айтуынша, іздеу жұмыстары екі сағатқа созылып, әскери жасақ Лев Толстой көшесіндегі аулалардың бірінен баланы тауып, ата-анасына тапсырыпты. 

 ӨСКЕМЕН