• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Қарағандыда ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн-режімде өтті

182 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдары қызметкерлерінің VIIІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн-режімде өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары, педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер, дефектологтар, әдіскерлер, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілері, барлығы  300-ге жуық педагог қатысты.

Алқалы жиында балаларды әлеуметтік-эмоциялық оқыту, жаңартылған білім беру кеңістігінде әдістемелік қызметті ұйымдастыру, «Менің өмірімнің экомектебі» пилоттық жобасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды.

Конференцияның пленарлық отырысында SANA ғылыми-тәжірибелік психология орталығының директоры Алтынай Абдрахманова, БҰҰ Даму бағдарламасының және «Тұрақты қалалар, елді мекендер» жобасының сарапшысы Ирина Немцан, «Интеллектум» орталығының директоры Бижан Игенбаева сөз сөйледі.

Сонымен қатар, қатысушыларға «Кішкентай данышпандар» жеке дамытушы боксы таныстырылды.

Отырыс «SABAK.KZ: инженерлік ойлау», «Модель 4К», «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа технологиялары – Lesson Study» және «Инклюзивті білім беру» платформасындағы төрт бағыт бойынша өтті. Төрт секциялық отырыста 25 педагог сөз сөйледі.

Конференция аясында «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: 4К моделін енгізу – баланы мектепке дайындау үшін инженерлік ойлау мүмкіндігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту» жинағына әр түрлі бағыттар бойынша 200-ден астам мақала қабылданды. 

 

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар