Кен орнында қауіпті індеттің таралуын шектеу үшін наурызда жұмысшыларды тұрғылықты мекенжайына шығару басталған еді.
«Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың айтуынша, жұмысшыларды шығару сәуір, мамыр айларында да жалғасын тапты.
– Теңізден 18,5 мың адам шығарылды. Жұмысшыларды шығару үшін 40-тан коммерциялық әуе рейсі, «Теңізшеврйолдың» «Dash 8» ұшағымен 211 арнайы рейс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, олар мекенжайларына автобоуспен (170) және теміржолмен тасымалымен (16 пойыз) жеткізілді, -деді Рзабек Артығалиев.