• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:52

Алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болады

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 2026 жылғы 24-26 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде, сондай-ақ кей күндері солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.

Бүгін елімізде қандай жолдар жабық?

Ауа температурасы күндіз:

батыста +13…+23°С, солтүстік пен шығыста +9…+14°С, орталықта +10…+22°С, оңтүстікте +18…+28°С, оңтүстік-шығыста +12…+22°С болады.

 

Соңғы жаңалықтар