Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Covid-19 індетіне байланысты жарыс кестесін жаңартуда деп жазады Olympic.kz.
2020 жылдың көктемінде Португалия астанасы Лиссабонда өтуі тиіс Portugal Open-2020 турнирі маусым айына ауыстырылған болатын.
Алайда, індеттің беті бері қарамағандықтан, ұйымдастырушылар жарыс өткізуден бас тартты. Әзірге, турнирдің нақты өткізілетін мерзімі әлі айтылған жоқ.