Пандемия жағдайы – оның мемлекеттер экономикасына тигізетін теріс әсерін ескерсек, бүгіннің ең өзекті мәселесі – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процестердің синергиясының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеумен қатар жүруі тиіс.
Заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, кеше Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның қабылдануы елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Яғни митингтердің жаңа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қоғамдық тәртіпке зиян келтірмей қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін танытуы үшін жағдай жасайды.
Жаңа Заң тұжырымдамалық аппаратты нақтылап, негізгі ұғымдарды реттейтінін атап өткен жөн. Бұл заңның дұрыс түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» заңда тұжырымдамалық аппарат болған жоқ.
Егер бұрынғы заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді алдын ала рұқсат алу негізінде мүмкін деп таныса, Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткізудің хабарламалық және өтініш беру жүйесін қарастырады. Соңғы жаңартуларға сәйкес, пикеттер, жиналыстар, митингтерді ұйымдастыру және өткізуде хабарламалар жүйесі, ал демонстрациялар, шерулер ұйымдастырылған жағдайда өтініш беру жүйесі енгізілді.
Президент қол қойған заңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары мен міндеттері толыққанды қарастырылған. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.
Жалпы алғанда, заңның қабылдануы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтеріліп және ел Президентінің қолдауымен жүзеге асырылған саяси реформалар пакетіндегі маңызды тараулардың бірі болды.
Жанна КАРИМОВА,
Президент жанындағы ҚСЗИ-дің Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы