• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тарих 26 Мамыр, 2020

Сармат дәуіріндегі «Алтын әйел» бейнесі реконструкцияланды

1489 рет
көрсетілді

Қазақ жерінің әр төбесі тылсым тарихтан сыр шертеді. Соның бір дәлеліндей, бұдан үш жыл бұрын жергілікті археологтер Қызылқоға ауданындағы қорғандарды қазу кезінде сармат дәуірінде өмір сүрген «алтын әйелдің» әшекей бұйымдарының бөлшектерін тапқан еді. Енді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы сармат дәуіріндегі «алтын әйел» бейнесін реконструкциялау эскизін ұсынып отыр.

– Алғашқы зерттеулер барысында қорғанда сармат дәуіріндегі бай әйел жер­ленген деп топшылауға негіз қаланды. Өйткені қорғаннан алтын жапсырмалар, керамикалық ыдыстар, қола мен металдан жасалған жебелердің ұштары, ат әб­зелдері, қабанның азу тісі, ыдыстардың аңдар фигурасы түріндегі тұтқасы секілді көне бұйымдар табылған еді, – дейді Аты­рау облыстық та­рихи-өлке­тану музейінің директоры Рашида Харипова.

Қорғаннан табылған көне жәдігерлер Алматыдағы ұлт­тық сараптама және серти­фи­каттау орталығына жібе­рі­ліпті. Мұнда «алтын әйел­­­­дің» жасына, әше­кей­лер­дің химия­лық құ­рамына зерттеулер жасалған. Сондай-ақ сурет­ші-реставратор Қырым Ал­тынбековтің жетекші­лігімен «Остров Крым» ғы­лыми-рес­таврациялау зертханасында «алтын әйел» бейнесін реставрациялау мен эскизін жасау жұмыстары жүргізілген.

– Құнды жәдігерлердің құрамы мен салмағы анық­талды. Кейбір әше­кейлердің алтыннан жасал­ғаны 91 па­йызға дәлелденді. Зерт­ха­­на­лық зерттеулерден кейін құнды жәдігерлер бі­здің дә­уірімізге дейінгі ІV ға­сыр­да өмір сүрген әйелдің бұ­йым­дары екені даусыз, – дейді Рашида Харипова.

 

АТЫРАУ