• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Алматы қаласындағы жиһаз шеберханасында өрт шықты

234 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 05:12-де Алматы қаласы ТЖ Департаментінің  пультіне Әуезов ауданы Мұстай Кәрім көшесі 1Б/3 мекен-жайының түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.  Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минутта келді, жиһаз шеберханасының аумағында жиналып тұрған кесілген ағаштар мен «Foton Aumark» маркалы автокөлік отқа оранған. Бұл туралы қалалық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке тұрғын үй секторына оңтүстік жағынан өрттің таралу қаупі болды. Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді. Өзара әрекет ету қызметтерімен бірлесіп  шұғыл түрде жедел Штаб құрылды, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағынан екі жауынгерлік учаске орналастырылды. ҚР ІІМ ТЖК авиациясы оқиға орнына келуге дайын болды.                    

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жалпы алаңы 970 шаршы метрді құраған өрт сағат 6-да жойылды. Тұрғын үйлерге және сантехникалық жабдықтар сататын жақын орналасқан үй-жайларға  өрттің таралу қаупін жоюға мүмкіндік туды.

Оқиға орнына 19 бірлік техника, жеке құрам мен өзара әрекет ету қызметтерінен 65 адам жұмылдырылды. Әуезов ауданының Полиция басқармасымен қоршау жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.