Кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Түркістан облысы департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ғанижан Асанұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры болып тағайындалды.
Қаржы полициясы академиясының, «Болашақ» бағдарламасының (Kings College London, Ұлыбритания) түлегі, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болған Ғани Асанұлы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін аталмыш департамент директорының орынбасары болған.
Түркістан облысы