• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Қызылорда: Кент көшелеріне арық қазылуда

371 рет
көрсетілді

Биыл Жосалы кенті тұрғындарының үй аулаларына тал-дарақ пен бақша егуіне жағдай жасау үшін ұзындығы 15 шақырым болатын арық қазылып жатыр.   

Жергілікті әкімдіктің осы бастамасы аясында қазір Келменбет батыр, С. Айекенов, Қ. Шыңғысов, Ә. Әлиасқаров, Томанов, М. Шоқай, Қалқай ишан, С. Ысқақов, Рүстембеков, Қорқыт ата, Ораз ахун көшелерінде жаңадан аяқ су арықтары қазылуда.   

Сонымен бірге, аудан орталығындағы дендропарк қайта қалпына келтіріліп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу, бұл аумақты аяқ сумен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде.