• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Қарағанды облысында тағы 67 адам коронавирус жұқтырған

282 рет
көрсетілді

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 67 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген адамдар скрининг барысында және коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

Олардың ішінде Қарағанды қаласында – 17 адам, Теміртау қаласында – 16, Бұқар жырау ауданында – 1, Саран қаласында – 29, Абай ауданында – 4 адам тіркелген. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. 2020 жылғы 25 мамырдағы ахуал бойынша облыста вирусты жұқтырған 662 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 191 пациент жазылып шыққан.