Түркістан қаласының тұрғындары карантин режимінің аяқталуын асыға күтуде. Күннің бүгінгідей ыстығында қала тұрғындары ашық аспан астындағы «Aqualand» бассейніне баруға асық.
«Aqualand» бассейні аумағында инвесторлар тарапынан дәмхана, мейрамхана сынды кәсіпкерлік орындар да салынады. Ашық алаңда салынған жоба желілік саябақ құрамында іске асқан. Жуық арада пайдалануға берілетін, Б. Саттарханов даңғылы бойында салынып жатқан бассейн жұмысымен қала әкімі Рашид Абатұлы танысты. Сонымен қатар, қала әкімі шаһарды аралау барысында орталық автовокзалда карантин режимі талаптарына қарамастан, қозғалыс жасамақ болған «старекс» көліктерін бақылап, полиция қызметкерлеріне қадағалау жасауды тапсырды. Қазіргі жағдайға байланысты қалааралық және ауданаралық қатынасқа тыйым салынғаны белгілі бола тұра, қозғалыс жасамақ болғандарға шара көріледі.
Ал, «Керуен Сарай» кешенінің құрылыс қарқыны талапқа сай жүргізілуде. Ежелгі шығыс базарының келбетін көрсететін аумақ биыл пайдалануға беріледі.
Түркістан облысы
⠀