• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Мамыр, 2020

Елордада коронавирус бойынша өсім статистикасы 2,4% құрайды

95 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елордадағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы сөз етті.

«Елордада осы уақытта 1686 адам коронавирус жұқтырды. 835 пациент емделіп шықты. Қалғаны қазір карантинде. Өкінішке қарай, 5 адам қайтыс болды. Қазіргі күнделікті өсім статистикасы 2,4 пайызды құрайды», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ ол коронавирус кез келген жастағы азаматтар үшін қауіпті екенін тағы бір еске салды.

«Науқас азаматтардың 40 пайызы – 30 жасқа дейінгі азаматтар, 35 пайызы – 30 жастан 50 жасқа дейінгі адамдар. Осы статистикаға сүйенетін болсақ, коронавирус жұқтыру қаупі тек жасы үлкен азаматтар мен зейнеткерлер, сондай-ақ бұрын ауруы болған азаматтар үшін ғана қауіпті емес. Біздің тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жас талғамайды. Біз бұл індеттен барлығымыз бірдей сақтануымыз керек», - деді қала әкімі.