«Қазгидромет» РМК 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан күн ашық болады.Тек республиканың шығысында ғана Солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Бұршақ жаууы ықтимал.Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте тұман түседі.Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертен тұман түседі.Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы – 15-20 м/с, 25 м/с болады. Шаңды дауыл күтіледі.Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні –15-20 м/с, Түркістан облысында 23 м/с жетеді.Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, түнде Ақтөбе, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдайды.Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.