• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Қалдық полигондарының экологияға зияндылығы тексеріледі

199 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облыстық Экология департаменті өз министрліктерінің «Адалдық алаңы» жобалық офисінің Петропавлдағы филиалымен бірлесе отырып мамыр айында күл-қоқыс төгетін полигондардың сапаға сай екендігіне мониторинг жүргізбекші. Бұл жұмысқа «СҚО «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» та тартылатын болады.

Қала бойынша тексерілетін полигондар «Қызылжар Тазалық», «Дорожник» ЖШС және Бәйтерек кентінің маңындағы қоқыс үйіндісі болады. Өткен жылы осындай тексеріс «Дорожник»ЖШС жүргізілген еді. Онда мемлекеттік экологиялық сараптаманың талаптары орындалмайтыны анықталған. Сонымен қатар полигонда үюге болмайтын, пластмассадан жасалған қалдықтардың да үйілетіндігі анықталды. Қабылдау жүйесі де талапқа сай еместігі көрінді.

ПЕТРОПАВЛ