• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Мамыр, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырған 58 науқас ауыр жағдайда жатыр

218 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елдегі коронавирус эпидемиясына қатысты мәлімет берді.

«Кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы елімізде қазір 9300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың жартысы, 4600-ден астамы індеттен емделіп шықты. Өкінішке қарай, 37 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4 653 науқас емделуде, олардың арасында 355 бала бар», деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, науқастардың 85%-ының жағдайы жеңіл деңгейде. Олардың көбі симптомсыз тіркелген. Ал 13%, 543 науқас орташа жағдайда, 1,5%, 58 науқас ауыр жағдайда деп бағаланып отыр. 19 науқас өкпені жасанды желдетуге қосылған.