• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Мамыр, 2020

Коронавирустың ірі кәсіпорындарда таралуы жиілеген

187 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін өткен баспасөз мәслихатында вирустың ірі кәсіпорындарда, құрылыс мекемелерінде және әскери ұйымдарда тарағанын атап өтті.

«Өткен 2 аптаның ішінде күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспады. Оған қарамастан кейбір өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны көбейді. Атырау облысы, Қарағанды, Алматы, Жамбыл , Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкен қаласында өсім байқалады. Осы өңірлерде коронавирустың таралуы үлкен кәсіпорындарда тіркеліп отыр. Мысалы Атырау облысында Теңіз кенішінде 1063 науқас, Шымкенттегі «ПетроҚазақстан» ұйымында 2019 науқас анықталды, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам адам вирус жұқтырған. Жамбыл облысы мен Алматыда  әскери ұйымдарда вирус тараған. Себебі белгілі, карантин кезінде халық үйде отырған кезде кейбір қызметкерлер жұмыс істеді»,- деді Елжан Біртанов.

Одан бөлек министр пандемияның ешқайда кетпегенін айтып, халықты барлық карантиндік шараны орындауға шақырды.