Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңызы туралы айтты.
«Қазіргі күнде халықаралық және отандық сарапшылардың пікірінше, пандемия аяқталған жоқ. Себебі, толқынды жағдаймен келе жатыр. Карантиндік жағдайда төмен түседі, бірақ шектеу шараларын тоқтатсақ қайталанады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде қауіпті жағдай. Оны бәріміз дұрыс түсінуіміз қажет. Осындай дүниежүзіндегі пандемияны тоқтату үшін әр мемлекет, әр азамат карантиндік-санитарлық шараларды енгізуі және сақтауы қажет. Біріншіден, әр адам басқа адамнан 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет», - деді министр.
Министрдің айтуынша, жұмыс орнында және сыртқа шыққанда арамыздағы қашықтықты сақтауымыз қажет. Сондай-ақ эпидемияны тоқтату үшін қазіргі уақытта маска тағу өте маңызды. Одан кейін жеке гигиена. Тек қана ауамен емес, қол арқылы да жұғыуы мүмкін. Қол жуу да өте маңызды мәселе болып тұр.