• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Мамыр, 2020

Бүгін SpaceX ғарышқа тұңғыш рет адам ұшырады

459 рет
көрсетілді

Араға 9 жыл салып, енді АҚШ өз жерінен қайтадан ғарышқа астронавттарын аттандырмақшы. 2011 жылдан бері американдық ғарышкерлер Ресейдің «Союз» ғарыш кемелері арқылы ұшып жүрген еді.

Атышулы Илон Масктың SpaceX компаниясы бірнеше сәтті сынақтардан кейін өз тарихында тұңғыш рет ғарышқа адам аттандырмақшы болып отыр. Бұл туралы компанияның Twitter парақшасында хабарланды. Falcon 9 зымыраны арқылы ұшып шығып, Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына барып түйіспекші. Қазір дайындықтың соңғы кезеңдері болып жатыр. Ауа райының қолайлығы 60% ықтималдықты көрсетуде.

Құрамында қос астронавт бар экипаждың орбитада 110 тәулік болуы жоспарланған. Даг Хөрли және Боб Бенкен соңғы пысықтауларын іске асырып тап-тұйнақтай дайын отыр.

Экипаж кезінде 1969 жылы Айға адам аттанған 39А кешенінен ұшып шықпақшы.