Италияның футбол басшылары коронавирустің кесірінен тоқтылған А сериясы додасы 13 маусымда жалғасатыны жайында жариялады.
Чемпионат тоқтатылғанға дейінгі жағдайға келсек, жарыс кестесінің алдыңғы легінде қос команда үзеңгі қағыстырып келеді. Олар – «Ювентус» пен «Лацио». 26 кездесуден кейін туриндік клуб 63 ұпай жиса, римдіктердің олардан бір ұпайы кем. Үшінші орында – «Интер». 54 ұпайды қоржынға салған миландықтардың басты қарсыластарынан бір ойыны кем. «Аталанта» (25 ойын, 48 ұпай) мен «Рома» (26 ойын, 45 ұпай) клубтары да үздік бестіктің қатарында.
Ал көш соңында «Брешиа» (26 ойын, 16 ұпай) мен «Спал» (26 ойын, 18 ұпай). Сондай-ақ, «Лечче» мен «Дженоаның» да жағдайы мәз емес. Айтулы қос команда 25 ұпайдан еншілеуде.
Біраз уақытқа созылған үзілістен кейін 13 маусымда жалағасатын жарыстың кезекті турында мына командалар өзара шеберлік байқасады: «Аталанта» – «Сассуоло», «Интер» – «Сампдория», «Торино» – «Парма» және «Верона» – «Кальяри». Ал қалған ұжымдар 20 маусымда жасыл алаңға шығады.