• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Мамыр, 2020

ForteBank: Бір доллар – 388 теңге

450 рет
көрсетілді

Forte Digital апталығының екінші күні көрермендерді осындай тосын сый күтіп тұрды. Қаржы ұйымының арнайы тобының күшімен жасалған жаңа Forte қосымшасы пайдалы қызметтермен толықтырылды.

«Forte жаңа қосымшасында біз мобильдік қондырғының тұжырымдамасын толығымен өзгертіп қана қоймай, төлемдер мен аударымдардың әдепкі қызметін қайта безендіріп, жетілдіріп, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және қызметтерімен жасақтадық. Қазір банктің мобильді қосымшасы Forte сандық экожүйесінің негізгі кірісі болып табылады», - дейді IT бөлімінің басшысы Нұрлан Сәрсебеков.

Нұрлан Сәрсебеков. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

 

Яғни, мобиьдік қосымша арқылы тұтынушыларға бұрыннан таныс қызметтермен бірге тағы да жаңа өнімдер ұсынылған. Солардың бірі – ForteForex өнімі.

«Forte командасы күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын валюта айырбастау қызметін егжей-тегжейлі талдады. Біз сондықтан мүлдем ерекше тәсілді жүзеге асырғанымызға сенімдіміз. Өзге елді айтпағанда, Қазақстан нарығынан жеке тұлғаларға пайдалы мұндай шешімді көрген емеспіз», - дейді банктің қазынашылық бөлімінің басшысы Асыл Дәуітбаев.

ForteForex сауда алаңы – банктің барлық клиенттері валютаны өз бағамы бойынша сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін қосымша. Енді валюта айырбастау пунктері мен банктерден ең жақсы бағаны іздеудің қажеті жоқ. Қазір Forte клиенттері бір-бірімен делдалдарсыз, спрэдтерсіз және кез келген басқа шығындарсыз валюта сатып алады!

Асыл Дәуітбаев. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

«ForteForex» толық автоматтандырылған сауда дүкені бізге клиенттермен келіссөздер жүргізуге және бір-бірімен мобильді телефонның экранында бірнеше рет келісім жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық транзакциялар толығымен құпия болып табылады. Біз клиенттеріміздің бұл қызметке барынша риза болуы үшін 0 теңгелік комиссия құрдық», - деп атап өтті Асыл.

Жаңа өнімнің пайда болуына орай банк барлық тұтынушыларына арнайы курс түрінде тосынсый жасаған.

«Ертең сағат 11: 00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін орналастырған кез келген адамға банк әрбір 100 АҚШ долларын үйреніп қалған ескі бағаммен - бір доллар үшін 388 теңгемен сатады», - деді FortamBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Гурам Андроникашвили. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Тапсырыс беру үшін сіз Forte жаңа қосымшасын осы сілтемеден жүктеп алуыңыз керек. Сосын басты беттегі ForteForex қойындысына өтіп, онда қысқаша жаттығудан кейін ең тиімді транзакцияны жасауға болады.

Таныстырылым соңында қатысушыларға ForteFamily компаниясы алдағы айларда басталатын, бүкіл отбасы мүшелеріне арналған банктік карточкалардың жаңа топтамалық ұсынысы туралы хабарлайды. Бұл жинақ пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Премиум GOLD немесе PLATINUM карталарын шығару арқылы сіздің жақындарыңыз бірдей карталарды ақысыз ала алады. Пакеттік ұсыныстың депозиттерге арналған ең тиімді тұстары да бар. Яғни, ата-аналар елдегі ең жоғары депозитке қол жеткізе алады. Сонымен қатар Forte қосымшасы арқылы коммуналдық төлемдерді жасап, 10-нан 100% -ға дейін сыйлық ретінде алуға болады. Банк сіз үшін соманың бір бөлігін төлейді.

Фото: ForteBank баспасөз қызметі

ForteFamily іске қосылғанда лотерея басталады. Forte картасымен транзакция жасайтын клиенттер арасында Toyota жаңа көлігі ойнатылады!

Тұсаукесердің барлық көрермендері ішінде бүгін forteweek.com сайтында өз деректерін қалдырғандарға банк Forte карталарында алты ай бойы ақысыз қызмет көрсетеді.

Ертең Forte Digital апталығының соңғы күні болады, жіберіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызықты жаңалықтар мен оқиғалар бар!