• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында бір отбасында төрт адамнан коронавирус анықталды

313 рет
көрсетілді

Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 15 дерегі тіркелді. Тараз қаласында 12, Жамбыл ауданында 2 және Меркі ауданында 1 жағдай анықталып отыр. Атап айтқанда, қауіпті індеттің белгілері бір отбасының төрт мүшесінен, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баладан табылған. Эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, отбасы мүшелерінің біреуі бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.

Сондай-ақ Тараз қаласының 81 жастағы тұрғыны жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен учаскелік дәрігерге жүгінген. Оның зерттеулері коронавирустық инфекцияның бар екендігін растады.

Тағы бір жағдай скринингтік тексеру арқылы 1980 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан анықталған. Бүгінде барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Олармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынған. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілген.

Жалпы бүгінгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 358 жағдайы анықталып отыр. Ал, барлық дерт жұқтырғандардың 173-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

 

Жамбыл облысы