• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Індет әр ауданда кеңінен тарап барады

716 рет
көрсетілді

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес коронавирустық инфекция расталған 337 жағдай тіркелген. Оның ішінде 187 адам ауруынан айығып, отбасына оралды.

Өңірде бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифинг өткізіп, карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді.

«Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар бір-бірімен аулаларда бірге ойнап, тығыз байланыста жүр. Бұл дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деді Өмірзақ Шөкеев.

 

Түркістан облысы