• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 27 Мамыр, 2020

Абай мұрасы Бішкекте талқыланды

251 рет
көрсетілді

Бүгін Бішкекте  Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі  «Пикир»  өңірлік сарапшылар клубымен және А. Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп  «Ұлы Абай Құнанбаевтың әдеби және рухани мұрасының құндылығы» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Нұрпейісов, абайтанушы, Қазақстан Республикасының ҰҒА Академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Есім, ақын, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы елшісі А.Рыскулов, ақын, Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің төрайымы М. Аль, Қырғызстанның А. Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасының директоры Ж. Бакашева, профессор, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының кафедра меңгерушісі А. Джоробекова, «К.Ташбаев атындағы қалалар мен өңірлер жазушылары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жазушы С.Шарипова, саясаттанушы М.Кабылбеков, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Елші Қ.Нұрпейісов мерейтой Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан бастау алғанын баса айта отырып, онда қазақ философы мұрасының өзектілігі айрықша көрсетілгенін, өйткені Абайдың идеялары Қазақстан үшін ғана емес жалпы адамзат үшін рухани азық екенін жеткізді. Елші Абай мұрасын насихаттауға қатысты да ойымен бөлісті: «оның жалпыадамзаттық құндылықтарға толы шығармалары бүкіл әлемдік қоғамдастыққа тиесілі, дүниежүзілік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу оның шығармалары мен бүкіл Қазақстанның әлемге танылуына жаңа серпін беретініне сенімдімін» - деді ол. Халықаралық конференцияда негізгі баяндамашылар ретінде: академик Ғ. Есім (Қазақстан), ақын А. Рысқұлов (Қырғызстан), Еуразия халықтары Ассамблеясының Бас кеңесінің мүшесі М. Аль (Ресей) сөз сөйледі. Атап өту керек, А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының ұлттық кітапханасы Абайдың мерейтойына орай көрме ұйымдастырып, ол онлайн форматта көрсетілді. Оған қоса, Абай Құнанбаевтың қырғыз тіліндегі «Қара сөздері мен поэмалары» кітабының онлайн-тұсаукесері өтті. Конференцияға Қырғызстанның К.Дикамбаев атындағы СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушылары қатысты. Ал әлеуметтік желілерді пайдаланушылар оны тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды.