• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Күн­де­лікті қызметімен қатар кө­лік жөн­­деумен айналысады

127 рет
көрсетілді

Газет беттерінде кәсіптің қай түрін болсын ұршықша иіріп, адал еңбегімен нәпақасын тауып жүрген жандардың жұмысын қалың көпшілікке ұсынып, көрсетіп келеміз.

Бұл жолы да сол ізбен кө­лік жөндеу ма­мандығының қыр-сырын мең­герген майталманды ма­қаламызға ар­қау етпекпіз. Ол – Қаз­талов ауылының тумасы Ербол Идрисов. Мақа­ла­мыздың басын оқығандар: «Ой, мұның несі қызық, кәсіп жасап ақша тауып жүр ғой» деп ойлауы да мүмкін. Бірақ мақаламыздың барысында Ербол бұл кәсіпті ақша үшін емес, жеке қызы­ғушылығынан жасап жүр­геніне көз жеткіземіз.

Ендеше бәрін басынан бастайық. Ербол Талапұлы ұзақ жылдардан бері аудан ор­­­талығындағы облыстық тө­­тенше жағдайлар де­­пар­­та­ментіне қарасты №11 өрт сөн­діру бөлімінде кө­лік жүргізуші болып жұ­мыс іс­­­тейді. Азаматтық қор­ғау аға сер­жанты Ербол күн­де­лікті қызметімен қатар кө­лік жөн­­деумен айналысады. Кө­­­лік жөндегенде екінің бі­рі­нің қолынан жөн­деу келе бермейтін со­ғыл­ған, майысқан көлік­терді қалпына келтірумен айна­­лы­сады. Соның ішінде өзі қыз­мет жасап жүрген бөлімнің 4 қызметтік көлігін жөндеп, әріп­тестері алдында шебер ре­тінде танылған. Ретін тауып, ма­қаламыздың кейіпкеріне жолықтық.

– Оқушы кезімнен тех­­­­­­­­­никаға өте үйір болдым.

Тех­­­­никаға деген қы­зы­ғу­­­­шы­­лығым қазіргі ма­ман­­ды­ғымды таңдауыма себеп болды. Мен көбіне жұ­­­мыста жүрген кезімде қыз­­меттік көліктерді жөн­деумен айналысамын. Ма­ған әркез әріп­тестерім қол­дау білдіріп, көмектесіп жү­реді. Атап айтар болсам, Бейбіт Өтебаев, Біржан Ахметов, Ербұлан Тілекеш, Роман Қара­баевтардың ең­бегі зор. Алғаш рет біздің бөлімдегі УАЗ автокөлігін жөндеп, жаңа түске сырлап шықтық. Жаман болып шықпаған секілді. Ал үйде жақындарымның көлігі болмаса, басқа адамдардың көлі­гін қарамаймын. Бұл кәсіп емес, қосымша әуестігім деуге болады. Көлік жөндеп, табыс тапқан емеспін, – деп ағынан жарылды. Ерболдың қайта жөндеген көліктерін көргенде: «Жаңа ғана салоннан шыққан ба?» деп ойлауыңыз мүмкін.

Ол жақында әріптес­терімен бірге ЗИЛ маркалы өрт сөн­діру автокөлігін жаңа мәшинедей жайнатып шы­ғарған. Жуырда олар №11 өрт сөндіру бөлімі атынан облыстық төтенше жағ­­дайлар департаменті ұйым­дастырып жатқан «Үз­дік жөндеу бөлімі» сайысына қатысады. Сол жерде облыс бойынша арнайы техниканы жақсы күтіп ұстаған бөлім марапатталатын болады. Ал біздің кейіпкеріміздің ше­берлігі сол жерде жоғары ба­ғаға ие болары сөзсіз.

 

Қайрат ЖАҚЫП

 

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы