• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Бурабай орманында 19 мыңнан астам ағаш құлап жатыр

408 рет
көрсетілді

Бұл сәуірде болған дауылдың салдары. Мамандардың айтуынша, қатты желден жығылған ағаштардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі табиғи ұлттық паркі аумағы әлі толық қаралмаған. Ал орманшылар ерекше қорғалатын аймақты жыл соңына дейін тазалап үлгермейміз деп отыр.

Қазіргі уақытта «Бурабай» табиғи ұлттық паркінің аумағы осындай құлаған ағаштарға толы. Дауылға негізінен қарағай осал болады екен. Алдағы уақытта енді бұл ағаштар кесіліп, материал ретінде қолданылмақ. 

Сәуірде болған дүлей дауылдың салдарынан парк аумағында 19 мыңнан астам ағаш құлаған. Жығылған жасыл желектің көбі 1 ғасыр бойы өсіп тұрған қарағайлар.   

– Себебі бұл ағаштар тамыры топырақта емес, құмда болғандықтан қатты желге төтеп бере алмай отыр, – дейді «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің орман шебері Омар Смайылов. 

Мамандардың айтуынша, бұл ағаштардың орнына әдейілеп көк егілмейді. Жасыл желекті отырғызу  жұмысы жылдағы жоспар бойынша жүзеге асырылады.