Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Шығыс Қазақстан облысында тағы 1 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.
Семей қаласында 1988 жылы туған әйел адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы табылды.
Семейлік науқас бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде тексерілді.
Онымен байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға толық зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырған жалпы 74 адам тіркелген, сауығып шыққандар саны — 50.