• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 49 адам COVID-19 жұқтырды

305 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 49 адамның COVID-19 жұқтырғаны ПТР-зерттеу негізінде анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дертке шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Пациенттердің басым көпшілігі, яғни 32 адам Қарағандының тұрғындары. Ауырғандардың арасында Теміртау қаласында тұратын алты адам, Саран қаласының бес тұрғыны бар. Сондай-ақ Жезқазған қаласының бір және Шет ауданының бес тұрғыны да індет жұқтырған.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Бүгінге дейін жеткен мәліметке сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 754 оқиғасы тіркелген. Үш науқас «жаман тұмаудан» қайтыс болды және 204 адам сауығып шықты.