Әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, тесттен өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді.
- Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады, - деді Амантай Өсербаев.
Оның айтуынша, әскерге шақырушылардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып ант қабылдау рәсімі өткізіледі.