• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

526 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы Жетісай-Шардара автожолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. Салдарынан жолаушылар мен жүргізуші ауыр жарақаттанып, 4 адам қаза тапты.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында  орын алған. Екі автокөліктің бетпе-бет соғысуы салдарынан «Нексия» маркалы көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta» көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Түркістан облысы