• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болғыңыз келе ме?

1005 рет
көрсетілді

Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аумағы ұлғайып халқының саны да арта түскен Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдерде біршама бос орындар бар.

Жұмысы күннен күнге қарқын алып келе жатқан қала әкімдігі тұрғындардың өмір сапасын бірге жақсарту мақсатында азаматтарды қызметке шақырып, хабарлама жариялады. Бос орындар жайлы нақтырақ айтар болсақ,  Түркістан қаласы әкімі орынбасары (құрылыс, инфрақұрылым және коммуникация саласы бойынша), Экономика және қаржы,  Құрылыс, Инфрақұрылым және коммуникациялар, Жер қатынастары бөлімдеріне мамандар қажет.

Қала әкімдігі, мысалы қала әкімінің орынбасары болғысы келетіндердің Zhanybek_1@mail.ru электрондық поштасына туындаған сұрақтар бойынша хабарласып, түйіндеме  жіберулерін сұрайды.

 

Түркістан облысы