• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Түркістан: Мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

482 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамасыз етілген отбасыға баспана сыйлап, игі іске ұйытқы болып отыр.

Өңірде, оның ішінде ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді. Биыл Созақ ауылының мектеп бітіргеніне 20 жыл толған 1983 жылғы түлектер әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, жалғыз басты 6 баланың анасы Баян Нұрмағанбетоваға жеке тұрғын үй салып берді. Игі істі Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаев және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастырыпты.

Сондай-ақ, Жуантөбе ауыл округінің 2000 жылы мектеп бітіруші түлектері 500 метр болатын көше аралық жол төсеген. Сонымен қатар, ауылдық мешіт алдына тас жол төсеп, жарықтандыру жүйесін жүргізіп берген. Бұдан өзге, олар мешіт жанына 100 адамға лайықталған асхана салып беріп отыр.

 

Түркістан облысы