Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Төлеби ауданының 1989 жылғы, Сарыағаш ауданының 1986, 1987 жылы туған, Сайрам ауданының 1965 жылғы және Ордабасы ауданының 1955 жылғы тұрғындарынан анықталған.
Сонымен қатар вирусты жұқтырған адаммен байланыс жасаған азаматтарды тексеру нәтижесінде Түркістан қаласында жұмыс істейтін Түркия Республикасының 1973 жылғы азаматынан алынған анализ нәтижелері де оның коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Барлығымен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 30.05.2020 жылғы жағдайға сәйкес Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны жалпы 370-ті құрап отыр, олардың ішінде 199-ы жазылып шыққан.