Бұл мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген. Сөйтіп соңғы тәулікте 17 науқас тіркелді. Анықталған 17 жағдайдың 6-уы Қызылорда қаласынан, 10-ы Арал ауданынан, 1-уі Шиелі ауданынан тіркелді.
Айта кетейік, аймақтағы бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясына шалдыққан 357 адамның жартысына жуығы облыс орталығынан. Атап айтқанда Қызылорда қаласында – 175 жағдай, Арал ауданы – 29, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 37 оқиға тіркеліп отыр.