• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2020

Тазалық бар жерде тәртіп бар

630 рет
көрсетілді

Қызылжар қаласының орталығы қазір көркіне көз тартқандай болып жайнап тұрады. Айналаның бәрі тап-таза, жылан жалағандай бір мұқияттық, жап-жасыл, алқызыл гүлдер жайнаған иранбағы секілді.

Бұл – абаттандыру мен тазалықты сақтауға жергілікті полицияның араласуының арқасы деп айтуға болады. Бұрын полицияны тек тәртіпті сақтаушы, қылмысты құрықтаушы деп қана біліп, оларды тазалық сақтау ісіне тартуға ешкім мән бермейтін. Сөйтсек, тазалықтың өзі тәртіппен тікелей байланысты екен ғой. Жергілікті полиция қызметі ашылғаннан бері тазалық пен тәртіп қоса қадағаланып, ортақ жеңіске жол ашып тұр.

Жылы мезгіл басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облыстық жергілікті полициясы абаттандыру ережелерін бұзғаны, тазалықты сақтамағаны үшін 31 адамға айыппұл салды. Қызылжарда күн сайын 67 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақтағы абаттандыру ережелерінің сақталуын тексереді. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап қала әкімдігі қызметкерлерімен бірге 53 мақсатты рейд жүргізілді.

Жеке секторлар, көп пәтерлі үйлердің аулалары, азаматтардың демалатын орындары, саяжайға баратын жолдар тексерілді. «Осындай рейдтер кезінде жекеменшік үй шаруашылықтарынан бастап ірі кәсіпорындарға дейінгі барлық меншік иелеріне жаднама-ұсыныстар тапсырылады», - деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

«Халыққа, жеке кәсіпкерлерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына іргелес аумақтарды санитарлық тазарту қажеттілігі туралы ақпарат беріледі. Қызметкерлердің профилактикаға назар аударуы тапсырылды. Негізгі жаза - бұл ескерту болып табылады. Алайда, бір жыл ішінде бірнеше рет бұзушылықтар орын алса, заңды түрде жазалау шаралары қолданылады», - деді ол.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындар тарапынан түскен хабарламаларға да назар аударады. Өткен аптада Instagram әлеуметтік желісінде қала шетіндегі қоқыс төгілген аумақтардың бейнежазбасы пайда болды.

Тәртіп сақшылары осы учаскелерден қоқыс шығаруға жауапты ұйымды дереу анықтап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Қызылжар