• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Мамыр, 2020

Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты

449 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Бернар Арно бірнеше рет әлемнің ең бай адамы атанды. Бірақ пандемия салдарынан жағдайы жиі ушығып отырды.

Дегенмен соңғы аптада Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының иесі өз байлығын $8,1 млрд-қа арттыра алды. Сөйтіп оның жиған-тергені $100 млрд-тан асып түсті.

Осы жөнінде ақпарат берген Forbes.21-28  мамыр аралығындағы өзгерістерді есепке алған. Басылымның хабарлауынша бұған Еуроодақтың экономиканы қолдау жөнінде жаңа шараларды жариялауы әсер еткен. Осыдан кейін LVMH компаниясы акцияларының құны бірден 10% өсіп шыға келген. Сөйтіп Арноның байлығы $103,4 млрд-қа жеткен көрінеді.