• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2020

Сүндет Байғожин – Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі

373 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сүндет Байғожин тағайындалды. Бұл туралы бүгін әкімдіктің ресми парақшасында хабарланды.

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында "Жеке ән айту" мамандығы бойынша білім алды. "Астана Опера" театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Белгілі опера әншісі Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады, аймақ өнерпаздарын жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда.