• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер 1 маусымға қараған түні алынады

265 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады. Тәулік бойы қала аумағында орналасқан блок бекеттерде полиция қызметкерлері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық гвардияның өкілдері кезекшілік етті.

Сонымен бірге блокбекеттерде әскерге шақырылғандар да кезекшілік етті. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салу Covid-19 індетінің таралуын азайтуға мүмкіндік берді.

Блокпостарға кіру және шығу үдерісі толығымен автоматтандырылған. Полиция қызметкерлерінің планшеттеріне енгізілген электрондық база тәртіпбұзушылықты анықтауға көмектесті.

Мысалы, бірқатар кәсіпорындар қала бойынша жүріп-тұру үшін анықтаманы қолдан жасауға тырысты. Азық-түлік жүктері үшін "жасыл дәліз" ұйымдастырылды, ол арқылы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер де өте алды. Блокпостардағы жағдайды дрондармен бақылау мүмкін болды.

Өткізу-бақылау бекеттерін алу - қалыпты өмір сүру дағдысына ораламыз дегенді білдірмейді. Қалада медициналық маска киіп жүру қажет. Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска киіп, ара қашықтықты сақтап, қолды антисептикпен өңдеген жөн.