Жүргізушілер кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қонаев көшесі бойындағы Мәңгілік ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 31 мамырдан 11 маусымға дейін осы учаскеде қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлау қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.