SpaceX басшысы Илон Маск NASA-дағы трансляция барысында ішінде ұшқышы бар Crew Dragon кораблінің ғарышқа ұшырылуын «адамдардың мультипланеталық түрге айналуы бағытында жасалған бірінші қадамы», - деп бағалады.
Бұл корабльді адам жасады және адамдар үшін жасады. «Мен дәл осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғаны адамзат мақтаныш етеді деп ойлаймын», - деген ол Crew Dragon-нің ұшырылуы көңілі зерттеушілікке бұратын әрбір адамды бей-жай қалдырмайтындығын жеткізді. Илон Маск өзінің ерекше сезімде екенін жасырмады.Сонымен қатар ол «жеңісті» жариялауға әлі ерте екенін мәлімдеді. Енді SpaceX алдында астронавтарды Жерге аман-есен қондыру міндеті тұр. Сонан кейін мұндай ұшуларды жиілету қажет.SpaceX иесі өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. «Айға қарай ұшу бола ма және ол қашан болады?», - деген сұраққа: «Мен мұндай сапардың екі жылдан кейін жүзеге асуын қалар едім, бірақ ол іс жүзінде төрт жылдан кейін де орындалуы мүмкін», - деп жауап берді.