• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында тағы 5 адам індет жұқтырған

111 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Солтүстік Қазақстан облысында тағы 5 адамның коронавирус індетін жұқтырғанын хабарлады.

Вирусты жұқтырғандар 1972, 1984, 1991 жылдары туған ер адамдар — Ресейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ 1988 жылғы жүк тасымалдаушы, ол РФ Рубцовск қаласынан келген. Ер адамдарда коронавирустың клиникалық белгілері байқалмайды. Елге келген соң COVID-19-ға тексеріліп, карантиндік стационарға жатқызылды. Сондай-ақ ПТР талдау нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясын 1988 жылы туған ер адамның жұқтырғаны анықталды. Ол ауруды жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған.

COVID-19-ды жұқтырғаны анықталғаннан кейін науқастар Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған жалпы 59 адам тіркелген, олардың ішінде 35-і жазылып шыққан.