1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. Ол 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген. Бұл туралы coronovirus2020.kz хабарлады.
Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған.Науқастың қосалқы ауруы: Артериялық гипертензия 3-дәрежесі. Өте жоғары қауіпті топ. Қант диабеті 2-типі, декомпенсация сатысында . Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні, сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.