• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Маусым, 2020

Азияда COVID-19-дан өлім неге аз?

550 рет
көрсетілді

Жапон үкіметінің бұрынғы кеңесшісі, Кобе  университетінің профессоры, эпидемиолог дәрігер Кэнтаро Ивата РБК-ына берген сұхбатында Еуропа елдерімен салыстырғанда Азия елдерінде коронавирустан адам шығынының әлде қайда аз екендігін айтты.

Маманның өз мәліметінде келтіргеніндей бүкіл әлемде 334 мың адам коронавирус құрбандығына айналса, мұның 10 мыңдайы ғана Азия елдерінің үлесінде.

Азияда коронавирустан ең көп өлім көрсеткіші адам саны қалың Қытайда тіркелгені мәлім. Бұл елде 4 мыңнан астам адам қайтыс болды. Оңтүстік Кореяда (267), Жапонияда (820), Индонезияда (1,3 тыс.), Сингапурде (23), Малайзияда (115) бұдан әлде қайда аз болды.

Ал Еуропада  COVID-19-дан 169 мың, АҚШ-та 100 мың адам қайтыс болды.

1 миллион адамға шақанда COVID-19-дан ажал құшу Жапонияда 6,4 адамнан, Оңтүстік Кореяда - 5, Қытайда - 3 адамнан келсе, Испания, Британия және Италия елдерінде бұл көрсеткіш 500 адамнан асып түсті. 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші АҚШ-та 200, Ресейде 24 адамнан келді.

Жапонияда және басқа да Азия елдерінде, жалпы әлемде коронавирус әлі ауыздықталмағандықтан аталған айырмашылықтың нақты себебі неде екендігін айтуға әлі ерте. Дегенмен қазірдің өзінде бірнеше болжам жасауға боларлықтай.

Иватаның пікірінше, бұған азиялықтардың гендік ерекшеліктерінің ықпалы болуы мүмкін. Соның әсерімен олар вирусты жеңіл қабылдауы ғажап емес.

Екіншіден, Азия елдерінің тұрғындары мұның алдында болып кеткен аурулар есебінен өз бойларында иммунитет қалыптастырып үлгеруі мүмкін.

Үшіншіден, Азия елдерінің көптеген халқы семіруге бейім емес. Соның есебінен тамырды май басу немесе гипертонияға шалдығу сирегірек. Мұның өзі олардың ағзасының вирустан қорғану қабілетін нығайта түсуі мүмкін.

«Алайда мұның барлығы әзірге болжам ғана. Олардың әзірге ғылыми тұрғыда дәлелденбегенін айтуымыз керек» деп түйіндеді сөзін Ивата.