• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Шығыс Қазақстанда кеме қатынасы шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

225 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов Шығыс Қазақстан облысында кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта шлюздерде шлюз камераларында, су тарату галлереяларында бетон конструкциялық элементтерді жөндеу  жұмыстары істеліп жатыр. Жыл соңына дейін көлемі 40 мың м2 астам нысанда бетонды қалпына келтіру жоспарланған. Шлюздерге күрделі жөндеу жүргізу 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі кеме қатынасы шлюздері - Ертіс бассейніндегі су көлігінің негізгі стратегиялық объектілері. Олар гидротехникалық құрылыстардың Жоғарғы Ертіс каскадымен бірдей су қоймаларында 50 млн км3 астам суды тежеуді қамтамасыз етеді. Осы жобаны іске асыру шлюздердегі апат тәуекелдерін азайтуға және Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Ертіс бассейнінде жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,4 млн тоннаны құрап отыр. Болашақта Ресей және Қытаймен екі жақты тасымал көлемін арттыру арқылы жүк айналымы көлемін екі есеге дейін арттыру жоспарда бар.