Ертең, 2 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың халық алдындағы есептік кездесу өтеді.
Министр есептік кездесуде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ кездесуге дейін және кездесу барысында келіп түскен сұрақтарға жауап береді.
Кездесу өтетін орын мен форматы туралы ақпаратты Министрлік әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы қосымша хабарлайды.