• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Мақтаарал: Су шайған әлеуметтік нысандар не болмақ?

126 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Яғни Фирдоуси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық бала-бақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады.

Апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалған лездемелік мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан бой көтерген ықшам ауданда орталық алаң салудың қажеттігін айтты. Бүгінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-і «Б.Өтемұратов», 20-cы «Салиқалы ұрпақ», 20-cы «Біз біргеміз!» қорларының демеушілігімен салынуда. Жалпы 839 тұрғын үйге аккредиттелген сарапшылар тарапынан техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 623 үйге қорытынды алынған.

Қазіргі таңда 32 мердігер мекеме 383 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс аумағында 360 үйдің іргетасы құйылған. Ал 30 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыс алаңына 1124 адам мен 68 арнайы техника құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, Фирдоуси мен Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелері қалпына келтірілуде.

 

Түркістан облысы